2812

София есімді робот Жібек жолы елдері қалаларының басшылары форумының басты қонағы болмақ

2-3 шілдеде Астана «Global Silk Road» Жібек жолы елдерінің қалалары басшылары форумының қатысушыларын қабылдайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздік сарайы мен Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін кездесулерде (пленарлық отырыс пен блокчейн) «Белдеу мен жол» бағдарламасы талқыға салынатын болады. Форум ұйымдастырушысы – Астана қаласы әкімдігі мен G-Global халықаралық хатшылығы. Бүгінге дейін 60-тан астам елден 2000 мыңнан астам қатысушы тіркелді. Олардың 70-сі – Жібек жолы елдері қалаларының басшылары, 30-ы – саяси көшбасшылар, 200-і – әлемнің сауда-өнеркәсіптік палаталары мен трансұлттық компанияларының басшылары, 150-і – шетелдік спикерлер мен модераторлар. Олардың арасында Лондон, Бангкок, Сидней сияқты мегаполистердің басшылары бар.

Қатысушылар үшін форум тегін ұйымдастырылады. Форум барысында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев баяндама жасайды деп күтілуде. Жиналғандардың алдында «Астана» ХҚО соты мен Халықаралық арбритраж орталығы сотының регистраторы Кристофер Кэмбел-Холт, климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі БҰҰ-ның елшісі, «Глобальная энергия» халықаралық премиясын тағайындау мәселелері комитетінің мүшесі, Нобель сыйлығының иегері – Р. Чунг, «Мэры за мир» халықаралық ұйымының вице-президенті, Норвегия парламентінің мүшесі – Т. Вестби, Мәскеудегі сауда-өнеркәсіптік палатасның президенті – В. Платонов, Халықаралық қоғамдық көлік одағының (UIPT) бас хатшысы – М. Мезгани, «Global Bank of Memories»-тің бас директоры – Марк Гинзбург сөз сөйлейді.

Шараның басты да ерекше қонағы – гонконгдық «Hanson Robotics» компаниясы әзірлеген София есімді гиноид.

Робот ойылған сұрақ­тар­ға еркін жауап беріп, адам­ның эмоцияларын қайталай алады. Ол халықаралық деңгейде өтетін түрлі шаралардың танымал қонағы болса керек. 2017 жылдың қазанында София Сауд Арабиясының азаматтығын алған болатын. Ол – белгілі бір елдің азаматтығын алған алғашқы робот.

Сондай-ақ, шара аясында мэрлер мен губернаторлар құрамасы мен футбол ардагерлері құрамасы арасында жолдастық кездесу кездесу өтетін болады. Форум қорытындысы бойынша қала басшыларының клубы, Жібек жолы елдері бизнесмендерінің, университеттерінің, журналистерінің, ақындарының ассоциациялары, әйелдер мен жастар ұйымдарының платформасы құрылады деп жоспарланып отыр. Достық символы ретінде дүниежүзіне Қытай өнерінің қайраткері Шу Юнның «Жібек жолының алтын көпірі» архитектуралық кешені іргетасын салуы тарихи оқиғаға айналмақ. Көпір ұзындығы 28 метрді құрайды. Мүсін жалпыға ортақ тағдыры, мүддесі мен жауапкершілігі бар жаһандық қауымдастықты құру арманын бейнелейді. Шу Юн жібекпен «Белдеу мен жол» бойындағы елдердің ұлттық гүлдерін әзірлеп, оларды Чжаочжоудағы атақты қытай көпір бейнесіндегі «Жібек жолының алтын көпірі» құрылған жасанды кәріптастан жасалған кірпіштерге салды.

Бұл туынды Миланда өткен EXPO-2015 көрмесінде таныстырылып, 2017 жылы Пекинде өткен «Белдеу мен жол» халықаралық ынтымақтастық форумының қонақтарының назарына қойылған болатын.

«Global Silk Road» форумы іс-шаралары туралы ақпаратты тарату, спикерлермен сұхбат ұйымдастыру, ақпараттық сілтемелерді алу мүмкіндігіне ие болу үшін аккредитациядан өту керек. Шараның үйлестірушісі – «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігі БАҚ өкілдерін форум өтетін күндері қажет жағдайда көлікпен қамтамасыз ететін болады.

Аккредитациядан өту үшін редакторлар мен журналистер туралы мәліметті nazira_syzdykova@mail.ru электронды поштасына жолдауды сұраймыз. Анықтама телефондары +7(717)2278903 либо +77014220824 (Сыздықова Назира).

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109