2803

«Алтын көпір» авторы мэрлер форумына келеді

Жібек жолы бойындағы халықтар достығының белгісі ретінде қойылады деп жоспарланып отырған «Алтын көпір» ескерткішінің авторы, әлемге танымал архитектор Шу Юн астанаға келеді, деп хабарлайды елорда қаласы әкімдігінің ресми сайты.

2-3 шілде күндері еліміздің астанасында Жібек жолы бойындағы қалалар мэрлерінің «Global Silk Road» атты форумы өтеді. Бұл іс-шараға әлемнің 60 елінен 2 мыңнан астам делегат келеді. Жібек жолы бойындағы қалалардың 70 басшысы, 30 саяси көшбасшы, 150-ден астам шетелдік спикерлер мен модераторлар келеді.  Олардың ішінде Лондон, Бангкок, Сидней  сияқты мегаполистер және басқалар бар. Сондай-ақ, форумға Астанада қойылатын  «Алтын көпір» ескерткішінің авторы, әлемге танымал сәулетші Шу Юн қатысады.

Ақпарат бойынша, «Алтын көпір» ескерткіші «Хан шатыр» СОСО-ның артында орналасады. Жібек жолының «Алтын көпір» ескерткіші 90 шаршы метр алаңда орналасатын болады. 

Конструкцияның биіктігі 7 метр, биіктігі ұзындығы 28 метр, ені 4 метр, конструкцияның салмағы 100 тонна. Монумент янтарлы-алтын түсті, 20 мыңнан астам янтарь кірпіштен қаланады. Ол Жібек жолы бойындағы 70-ке жуық елдің символы іспеттес болмақ. Онда осы елдердің түстері белгіленеді. Янтарьдан жасалған «Алтын көпір» Жібек жолы бойындағы халықтар достығының символы болмақ. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109