4829

Қала мэрлері форумында адамға ұқсас София роботы немен таң қалдырмақ

София роботы 2-3 шілде күні Астанада өтетін Жібек жолының мэрлері форумындағы ең күткен қонағы болмақ. Осыған орай, Астана әкімдігінің ресми сайты гуманоид туралы қызықты мәліметтер дайындады.

Адамтектес София роботы әлемнің көптеген елдерінде болған. Ашық тұрған деректерге қарасақ, 2017 жылы ол Сауд Арабиясының азаматтығын алған тұңғыш робот.

Дэвид Хансон басқаратын Hanson Robotics компаниясы жер шарында алғаш рет «әйел-робот» жасап шығарды. Оны британдық актриса Одри Хепберн мен компанияны құрған басшының әйеліне ұқсатып жасап шығарған.

                                       

Адамтектес София роботы арнайы механизмнің көмегімен көзін ашып-жұмады, көңілсіз күйге енеді және қуана алады. Бет-әлпетке қатысты 62 түрлі мимиканы меңгерген. София сыртқы әлемді екі камерамен көреді, ал терісін органикалық компоненттерден құралған силиконнан жасалған.

Софияның миы – жасанды нейроталшықтан тұрады, тура біздің басымыздағы миға ұқсас, тек айырмашылығы электронды. Әзірлеушілер роботтың толық сериясын шығаруды жоспарлап отыр. Ол ешуақытта ұйықтамайтын күтуші немесе ресепшнда отыратын қыз, темірдей жүйкесі бар мұғалім немесе контролер. 

Софияның жасанды интеллектін  дамытуға халықаралық командалар: америка, қытай, орыс тіпті эфиоптар да атсалысуда. Бұл роботтың ұлты жоқ және азаматтығы – жалпыадамзаттық әзірлеме.

 «Менен әрдайым роботтар бір кездері әлемді басқаруы мүмкін бе деп жиі сұрайды. Адамдар мен роботтар болашақта бұдан да ақылды бола түсіп, бірге қатар жасасады деген ойдамын», – деп есептейді адамтектес София роботы.

Гонконгтық Hanson Robotics компаниясы әзірлеген  София атты гуманоид, әлемдегі ең танымал робот Астанада 2-3 шілде күні өтетін «Global Silk Road» Жібек жолы елдерінің қала мэрлері форумында мінбеге шығады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109