Мәскеудегі архитектура форумы: Астана сәулетті қала салудың таң қалдырарлық феномендер қатарына жатады
Мәскеуде Астананың инвестициялық әлеуетін, сәулетшілердің жобасы мен мердігерлерін, даму кезеңін, қала құрылысының тарихын кеңінен ұсынған архитектуралық форум болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Одан басқа, кездесуге қатысушылар архитекторлардың көрегендігін, қала құрылысы мен оны абаттандыруды жоспарлаушылармен даму стратегиясын талқылады.
«Қаланы жаңадан салу жаңашылдыққа, қала салудағы шығармашылық ізденіске, соған сай жаңа жүзжылдықтың талабы мен жағдай жасалуына жол ашады. Қала салудың жаңа принциптерін іздеуге, Мемлекет басшысының астананы ауыстыру туралы шешім қабылдауының арқасында Астана құрылыс полигонының ірі апробациясына айналды. Мемлекеттің астанасын ауыстырудың өзі – ерекше әрі сирек оқиға», – деді мінбеге шыққан Астана қ. Бас архитекторы Бахтыбай Тайталиев.
Форумның күн тәртібінде «қалалық ортаны құруда қала салудың өзгермелілігі», «Елдер арасындағы достық пен бірлесіп қала салуды дамыту», «Қала және елді мекендер пунктін тұрақты дамытудың қала салудағы механизмі» сынды тақырыптар қозғалды.
Ресей архитекторы Александр Асадов өзінің баяндамасында Астана мен Мәскеудің «амбициясы зор» қала екенін және мұндай кездесулер өткен шақты еске алуға, қазіргі жетістіктермен алмасуға, даму жоспарын жасауға болатынын айта кетті. Айтпақшы, оның бюросы астаналық бизнес-орталықтың құрылысын салуға қатысқан.
«Амбиция дегеніміз – әлемнің ең үздік архитекторларын тарту, сонда ғана қала кретивті әрі тартымды бола түседі. Астана бұл халықаралық әріптестіктің жарқын мысалы», – деді А. Асадов.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz