2827

Астанада Жібек жолындағы қала мэрлерінің форумы жұмысын бастады

Бүгін 2 шілдеде Астана Global Silk Road Жібек жолы еліндегі қала мэрлерінің форумына қатысушыларды күтіп алып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Форумға 60 елден 2000-нан астам қатысушы тіркелді, оның ішінде Жібек жолындағы 11 елден 70 мэр және 150 шетелдік спикерлер мен модераторлар бар.   

Қатысушылар «Белдеу және жол» бағдарламасы бойынша аймақтық экономикалық әріптестіктің жаңа механизмдерін әзірлеуді ұсынады, тартылған елдердің экономикалық гүлденуіне дем беріп, мәдени алмасу мен байланысты күшейтуге және бейбітшілік пен тұрақты даму мәселелерін талқылайды. 

Айта кетейік, іс-шараның хэдлайнері болып ерекше қатысушы – гонконгтық Hanson Robotics компаниясы жасаған гиноид  София болмақ. Бұл робот кәдімгі адами мінез-құлыққа ие және адамдармен араласа алады. Ол түрлі халықаралық шаралардың танымал қонағы болған. 2017 жылдың қазан айынан София Сауд Арабиясының азаматтығын алған бірінші робот. 

Форумның қорытындысынан кейін Жібек жолы елдеріне қатысты Қала мэрлерінің клубын, бизнесмендер, университет, журалистер, ақындар қауымдастығын құруды жоспарлауда, сондай-ақ, әйелдер платформасы мен жастар ұйымын да құрмақ. 

Форумда «Жібек жолының алтын көпірі» архитектуралық кешенінің іргетасын қалау тарихи сәт болып қалмақ, бұл достық символын әлемге танымал қытайлық өнер қайраткері Шу Юн салған. Көпірдің ұзындығы – 28 метр. Скульптура тағдыры ортақ ғаламдық қауымдастық құру арманы мен көпшіліктің мүддесін және жауапкершілігін бейнелейді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109