Мектептерде сабақ тоқтатылатыны туралы хабарламаны аstana.kz сайтынан оқыңыздар
Елорданың жалпы білім беретін мекемелерінде (жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік лицейлер мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) күн райының қолайсыздығына байланысты қыс кезінде сабақтың тоқтатылатыны туралы мәліметтер 2013 жылдың 30 қаңтарынан бастап Астана қаласының ресми сайты astana.kz -тің «Жүгірме жолдар» бөлімінде берілетін болады.
Сабақтың тоқтатылатыны туралы ақпарат жүгірме жолдарда бірінші ауысымда оқитындар үшін 6.30-дан 9.00-ге дейін, екінші ауысымда оқитындар үшін 12.15-тен 14.00-ге дейін беріледі.
Еске салайық, оқу жылының қыс мезгілінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында Астана қаласының әкімдігімен келісілген білім беру мекемелерінде сабақты тоқтатудың мынандай параметрлері бар:
- 1-4 сыныптар үшін - 25 градус және жел жылдамдығы 2 м/с және одан жоғары;
- 1-9 сыныптар үшін - 30 градус және жел жылдамдығы 2 м/с және одан жоғары;
- 1-11 (12) сыныптар, кәсіби лицейлер, колледждер (1-2 курс студенттері) үшін - 35 градус және жел жылдамдығы 2 м/с және одан жоғары;
- егер жел жылдамдығы секундына 2 метрден аспаса, температура -5 градусқа өсіп отырады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz