2659

2012 жылы елордалық оқушылар зияткерлік сайыстарда 85 медаль иеленді

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және халықаралық дәрежеде Қазақстан Республикасы имиджін қалыптастыру мақсатында Астана қаласы білім беру мекемелерінің оқушылары 2012 жылы Үндістан, Бразилия, Ресей, Қытай, Румыния, Кипр, Грузия, Түркия елдерінде өткен 15 халықараралық рейнгтік олимпиада мен ғылыми байқауларға қатысты, - деп хабарлайды astana.kz сайтына қалалық Білім басқармасынан.

Халықаралық  ынтымақтастықты дамыту және  халықаралық дәрежеде  Қазақстан Республикасы имиджін  қалыптастыру мақсатында Астана қаласы білім беру мекемелерінің оқушылары  2012 жылы Үндістан, Бразилия, Ресей, Қытай, Румыния, Кипр, Грузия, Түркия  елдерінде  өткен 15 халықараралық рейнгтік олимпиада мен ғылыми байқауларға  қатысты, - деп хабарлайды  astana.kz  сайтына қалалық Білім басқармасынан.

Қорытындысында Астана қаласының мектеп оқушылары  85 медальге ие болды. Олардың: 14-і – алтын, 35-і – күміс және  36-сы – қола.

2012 жылы қазан айында Бразилияның Новогамбург қаласында жалпы білім беретін пәндерден өткен XXVII «Mostratec» халықаралық ғылыми жобалар жәрмеңкесінде  Қазақстан командасының намысын қорғаған  25 оқушымыз 5 алтын, 7 күміс медаль  олжалады.  Ғылыми жоба жәрмеңкесіне  50 мемлекеттен 1500 оқушы қатысты.

Басқарманың мәліметіне сәйкес, №60 мектеп-лицейінің оқушысы Ақжан Жолдымұратова  және дарынды ер балаларға арналған қазақ – түрік лицей- интернатының оқушылары –Абай  Қожабергенов, Данель Арапов, Нұрлан Әлішер,  Айдар Жетеновтың  ғылыми жұмыстары ең үздік жоба ретінде танылып, 2013 жылы Аргентина қаласында өтетін халықаралық ғылыми жобалар конкурсына  қатысуға  жолдама  алды.

Астана қаласының оқушылар командасы республикалық ғылыми жобалар конкурсы мен республикалық олимпиадада жалпы командалық І  орынға және «Жылдың үздік командасы» атағына ие болды, – делінген  мәлімдемеде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109