Текті сөздің төресі – терме
Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті ұлттық, рухани құндылықтың негізі терме өнерін жасөспірімдерге тәрбие құралы ретінде таныстырып, қайта жандандыру мақсатында термешілерге бәйге жариялады, – деп хабарлайды мешіттің баспасөз хатшысы Салтан Сайранұлы.
Бұл бәйге тәуелсіздік алғалы алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Бәйгеге республикамыздың өнер адамдарымен қатар, көршілес жатқан елдердегі қандастарымыз да қатыса алады.
2013 жылғы 9 ақпанда Конгресс Холл сарайында өтетін Бәйгенің қорытынды кешінде терменің хас шеберлерінен, мақамды зерттеп жүрген ғалымдардан және сөздің парқын тани білетін ақындардан құралған қазылар алқасы төрелік етеді.
Жеңімпаздарға тігілген жүлделер:
Бас жүлде – Skoda Octavia маркалы автокөлігі;
Бірінші орын – 1 500 000 теңге;
Екінші орын – 750 000 теңгеден (2 адамға);
Үшінші орын – 500 000 теңгеден (3 адамға);
Ынталандыру сыйлықтары (15 адамға) – умра қажылық;
Сондай-ақ:
Ең үздік мақам (3 жүлде) – 150 000 теңгеден;
Ең үздік орындаушы (3 жүлде) – 150 000 теңгеден.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz