2434

Жас пианистердің байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылды

Жас пианистердің бірінші халықаралық “Astana Piano Passion” байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылды.

Жас пианистердің бірінші халықаралық “Astana Piano Passion” байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылды.

Байқауға түрлі елдердің және Қазақстанның ең шалғай аудандарының балалары қатысады деп күтілуде. Байқаудың талаптары жарияланғаннан кейін әлеуетті қатысушылар ұйымдастыру комитетіне бағдарламаға нақты дайындалып, бейнематериалдарды уақытында жіберу үшін өтінім қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтініш жасады. 

Ұйымдастыру комитеті өтінім қабылдау мерзімін 20 наурызға дейін ұзартуға шешім қабылдады. Бұл іс-шара байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуевтің пікірінше, жас пианистердің байқауға көптеп қатысуына және өз елі мен аймағының намысын абыроймен қорғауына дайындалуға мол мүмкіндік береді. Жас пианистердің “Astana Piano Passion” халықаралық байқауы әлемдік музыка байқауларының барлық шарттарына толық сәйкес келеді. Бағдарламаның күрделілігі осыған байланысты болуда. Дегенмен, талантты балалар дайындықты қазірдің өзінде бастап кетті.

Еске салайық, 2013 жылғы 10 қаңтарда Астанада 2013 жылдың 10-ы мен 16 мамыры аралығында өтетін жас пианистердің Бірінші Халықаралық  "Astana Piano Passion" байқауына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Байқаудың ұйымдастырушылары - Астана қаласы әкімдігі мен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры.

Байқауды өткізу фортепиано өнері саласында жаңа таланттарды тауып, қолдауға, Қазақстанның ұлттық фортепиано мектебі дәстүрін нығайтуға, сондай-ақ, түрлі мемлекеттердің ұлттық мектептері арасында шығармашылық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың пікірінше, классикалық фортепиано музыкасын насихаттау тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзінде өскелең жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің рухани маңызды құрамдас бөлігі болуы қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109