Казактардың жексенбілік мектебіндегі мереке
Астана қаласында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің жексенбілік мектептері бар. Бұл мектептерде олар өз ана тілдерінде сөйлеп, өз ұлттарының тарихын оқып, әдет-ғұрпын үйренеді. Мұндай білім беру мекемесінің бірі – казак жексенбілік мектебі. Таяуда аталған мектеп елордадағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында 15-жылдық мерейтойын атап өтті.
Валентина Попенко, казактар жексенбілік мектебінің директоры:
Біздің мектепті – еліміздегі казактардың жалғыз жексенбілік мектебі деп айтуға болды. Мұнда 70-тен астам бала білім алады. Әзірге 6 оқытушы бар. Балалар дене тәрбиесімен айналысып, ән, би үйірмелеріне қатысады. Сонымен қатар қолөнер шеберлігінен дәріс алады.
Мектеп директорының айтуынша, оқушылар білім алумен қатар көктемде табиғат аясында серуендеп, жазда оқу озаттары Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында демалуға мүмкіндік алады. Балалардың ең кішкентайы 4-те болса, ересектері 20-жастан асқан. Мерекелік кеште осы балалардың барлығы ән айтып, би билеп, өлең оқып, көрерменді бір серпілтті.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz