2949

Танымал кескіндемеші Қазақбай Әжібекұлы ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайында шеберлік-дәрістерін өткізеді

Ертең 15.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайында белгілі кескіндемеші Қазақбай Әжібекұлы Астана қ. ЮНЕСКО – Балалар көркемсурет мектебінің оқушыларына «Натюрморт» тақырыбында шеберлік-дәрістерін өткізеді.

Ертең 15.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайында белгілі кескіндемеші Қазақбай Әжібекұлы Астана қ. ЮНЕСКО – Балалар көркемсурет мектебінің оқушыларына «Натюрморт» тақырыбында шеберлік-дәрістерін өткізеді. Бұл туралы ТПМ-нің  баспасөз қызметі мәлім етті.

Музей өз қызметінде әртүрлі жастағы балалармен жұмыс жасауға көп көңіл бөледі. Балалар Мұражайдың «Балалық шақтан көзқарас» атты әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында өтетін барлық іс-шараларына (көрме, байқау, фестиваль, шеберлік-дәрістері) белсенді қатысады. Қазақбай Әжібекұлының шеберлік-дәрістері, Мұражайдың тұрақты әріптестері – Балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілеріне суретшімен тікелей шығармашылық қарым-қатынас жасауға ерекше мүмкіндік береді. Шебер жас суретшілерді бейнелеу өнерінің академиялық негіздерімен таныстырады.

Шеберлік-дәрістері Қазақбай Әжібекұлының «Асыл арман» атты жеке көрмесі орналасқан Мұражайдың Үлкен көрме залында өтеді. Экспозиция Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайының қорында сақтаулы суретшінің алғашқы жұмыстары мен өз халқының көркемсурет жылнамасын қалыптастырған Қоғам мен шебер дүниетанымының дамуы жайлы баяндайтын жаңа туындыларын көруге мүмкіндік береді.

Өзіндік қабілеті тұрғысынан алғанда, Қ.Әжібекұлы – монументалист. Әлібай Бапанов пен Кенжебай Дүйсембаевтың шәкірті, 1986 жылдан бастап республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысады. Қазіргі таңда Қ.Әжібекұлы өзіндік қолтаңбасы бар автор, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, көптеген жүлделердің лауреаты, соның қатарында Ә. Қастеев атындағы арнайы сыйлықтың (1999 ж.), ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2001 ж.). «Астана-Бәйтерек», «Астананың гүлдеуі – Қазақстанның гүлдеуі» сынды көптеген байқаулардың жеңімпазы, ҚР Президенті стипендиясының (2009 ж.) және Мемлекеттік стипендияның (2010 ж.) лауреаты. 2012 жылы Қ. Әжібекұлы «Қазақ халық эпосы. Қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлері» республикалық байқауының жеңімпазы атанып, өзінің шығармашылық ұстанымдарына деген адалдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109