988

Есіл ауданының активі Елбасы Жолдауын талқылады

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары Есіл ауданының активінің жиналысында талқыланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу аудан әкімі Төлеген Закарьяновтың басшылығымен өтті. Онда Астана қаласы маслихатының депутаттары, аудан құрылымдарының басшылары, аудандық Ардагерлер ұйымының активі, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ПИК, ШОБ, құрылыс компаниялары мекемелерінің өкілдері және т.б. қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында 6 негізгі бағыттарды атап өтті, олар: халық табысының өсуі; тұрмыс сапасын арттыру; өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру; азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат; тиімді сыртқы саясат; әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы.

Аудан активіне жолдаудың бұл негізгі басымдықтары туралы шақырылған спикерлер - Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов, Астана қаласы маслихатының депутаты, № 84 мектеп-лицейінің директоры Зәуре Жүсіпова, № 2 көпсалалы ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Магзумова, «Салауатты Астана» ЖШС директоры Лейла Ишбаева, «Town Service» басқарушы компаниясының директоры Рауан Жанғалиев және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті басшысы - Әдеп жөніндегі кеңестің төрайымы Жазира Жылқышиева айтып берді.

Өз баяндамаларында спикерлер жұмыспен қамту, сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту, тұрғын үй қорын тиімді басқару, мемлекеттік аппаратты жаңғырту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін қозғады.

Аудан активінің қатысушылары Елбасының Жолдауын қолдады, өйткені оның басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Және барлық азаматтардың ортақ міндеті – осы стратегиялық құжатты іске асыру үшін барлық күш-жігерді салу. Біз бірге әлемнің 30 жетекші елінің арасында республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109