Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

1287

Астанада кавказ мәдени күндері өтеді

19 қазанда «Хан Шатыр» ойын-сауық сауда орталығында Этнос күні аясында және Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қолдауымен, «Кавказ мәдениеті күні» іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты - кавказ мәдениеті мен тілін, сондай-ақ халықтық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды сақтауға және дамытуға, ұлттық зияткерлікті, рухани-адамгершілік құндылықты қалыптастыруға бағытталған.

Этнос күні іс-шарасына Астана қаласының этномәдени бірлестіктері қатысады. Олар: «Вайнах» шешен-ингуш ЭМО» қоғамдық бірлестігі, «Ван» армян мәдени орталығы, «Хазар» әзірбайжан қоғамдық бірлестігі және «Колхети» грузин қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі.

Фестиваль бағдарламасы бойынша этномәдени бірлестіктердің вокальдық және би ансамблдері өнер көрсетеді, түрлі сарынмен әндер шырқалады.

«Кавказ мәдениеті күні» іс-шарасын қорытындылау сәтінде «Вайнах» шешен-ингуш ЭМО» қоғамдық бірлестігінің би ансамблі  «Лезгинка» биін орындайды. Бұл өз кезегінде көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлары хақ.

Лезгинка-кавказ халқының дәстүрлі әрі ең танымал биі. Бұрынғы кезде ол жауынгерлер биі ретінде танылса, ал ол бейбіт уақытта семсері бар ерлердің жеке орындауларында көпшілікке мәлім болды. Осы арқылы олар көпшілікті өздеріне тәнті ете біліп, туған жері мен ағайын-бауырларын сөзсіз қорғаушы ретінде танылды.

Тағылымдық мәні бар «Этнос күні» жыл ішіндегі төрт іс-шараны қамтушы ретінде елорда этностарының мәдениетін көпшілікке паш етеді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109