1833

Сарыарқа ауданы әкімдігі құдықтардың бетіне қорғаныс торын салуды ұсынды

Мұндай технология бірқатар елде қолданылады. Тәжірибе өзінің тиімділігін көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Люктердің металл қақпақтарының ұрлануына қатысты мәселе Қазақстанда ғана өзекті емес. Алайда заманауи технологиялар оның шешімін табуға мүмкіндік береді. Бір елде люктердің қақпақтары басқа материалдан жасалса, басқа елде сақтандыру торлары сияқты қорғаныс механизмдері қолданылады.

«Бұл – қарапайым тор. Ол құдық қақпағынан бір метр тереңдікте орнатылады. Мұндай құрылғы адамның өмірін сақтап қалуға өзінің септігін тигізе алады. Идеямызға қалай қарайсыз?», - деп жазды өзінің Facebook-тегі парақшасында Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бибігүл Абыддин.

Сарыарқа ауданының аумағында 25 мыңға тарта құдық бар. Жыл басынан барлығы 870 люк қақпағы ұрланған. Құдықтардың барлығы қазіргі таңда жабық.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бибігүл Абыддин әлеуметтік эксперимент жүргізді. Ол шойын қақпақты сату үшін аудандағы металл қабылдайтын барлық орындарға барған. Шара «жасырын сатып алушы» әдісімен жүргізіліп, дәлелдерді келтіру мақсатында видеоға түсірілді. Оған мүдделі органдардың барлығы қатысты.

«Нәтижесі тайға таңба басқандай. Қара металлды сатып алады. Әрине, ұрланған затты сатып алудан бас тартатындар да бар. Десек те, металлды сатып алуға келісетін тұлғаны табуға болады. Люк қақпақтарын күнде тапсыратындықтарын ұсталғандардың өздері мойындады. Айып тағылу қаупі бар болса да, олар 60 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді де, металл қабылдайтын орында жаңадан ашады. Осылай айнала береді. Бұл тиімді іс қой. Өйткені олар қақпақтарды басқа жерлерге тапсырып, молырақ табысқа кенеледі», - дейді Б. Абыддин.  

Ауданның полиция департаментімен бірлесіп жүргізілген мониторингтің барысында 13 металл қабылдау пункті анықталды. Олардың 12-сі рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істейді екен.

Қала басшылығы ашық құдықты байқаған жағдайда, оны айналып өтпей, 109 қызметіне қоңырау шалу керектігін немесе аудан әкімдіктері мен ПИК-ке xабарлау керектігін еске салады.

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109