509

Мемлекеттік қызметкерлерге латын қарпіндегі жаңа қазақ әліпбиінің емлесі түсіндіріледі

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» орталығымен бірлесіп 5-11 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызметшілерге латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіруге арналған оқу-семинарын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.    

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» өкімі шыққан болатын. Елордада бүгінгі таңда осының аясында қалалық іс-шаралардың жоспар бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.   

«Елбасымыздың тапсырмасына орай қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстары басталып кетті. Ол туралы Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтқан болатын. 14 қарашада Астанада елу мың адам жаңа әліпбиде диктант жазды. Біз өзімізден бастап, өзгеге үлгі болуымыз керек. Бүгін осы мақсатта, аудан әкімдері мен басқарма басшыларын жинап отырмыз. Семинар бір апта бойы өтеді», - деді Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Берік Жакенов.

Аталған семинар барысында филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова латын негізді қазақ әліпбиінің дыбыстық қорының әлеуеті, емле-ережесі, орфографиялық ережелер мен нормалардың моделдері төңірегінде дәріс оқиды.

Айта кетейік, 2018 жылдың 19 ақпаныңда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгеріс енгізу» туралы Жарлыққа қол қойды.

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109