529

«Шопинг кеңес» тақырыбында әлеуметтік бюро іс-шарасы өткізілді

Елордада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған акция жалғасып жатыр

Қаланың барлық сауда-сауық орталықтары мен базарларында шопинг-кеңес форматында «Әлеуметтік бюро» акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы жалғасуда.

«Демалыс күндері елорда тұрғындарының, әсіресе әйелдердің көпшілігі сауда орталықтары мен базарларда жүретіндіктен, осындай шопинг-кеңес беру тәсілі арқылы тұрмыстағы зорлық-зомбылықты алдын-алу жөніндегі ақпаратпен қаламыздың тұрғындарының басым бөлігін қамтыдық деп ойлаймын», - деді Астана қаласы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық-насихаттық акциясы өтеді.

Іс-шараның мақсаты - отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, әйелдер мен балалардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың жолын кесу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109