3064

Астанада еріктілер қозғалысына 1,3 мыңға тарта адам қатысуда

Жыл басынан ерікті көмекшілер жүзден астам іс-шараны өткізуге атсалысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қаңтар-қараша айларында еріктілер қозғалысын дамыту бөлімі жалғыз басты зейнеткерлер мен ардагерлерге көмек көрсетуге бағытталған түрлі іс-шараларды өткізді. Еріктілер қариялар тұратын жеке үйлердің аулаларын қардан тазарту, үй ішін жинау, үй аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазарту, бау-бақшаларды егу маусымына дайындау шараларына белсене араласты. Олар, сондай-ақ, халықаралық және қалалық деңгейдегі шараларды өткізу ісіне де тартылды.  

Жалпылай алғанда, 101 шараға 1,3 мыңға тарта ерікті қатысты.

Мамырда еріктілерді дайындау жобасының іске қосылғандығын айта кету керек. «Еріктілер мектебі» жобасы бойынша 127 адам білім алды.

Қазіргі таңда «Астана жастары» орталығында 2 363 адам тіркелген. Іс-шараларға 100-200 тұрақты негізде қызмет көрсететін ерікті қатысады. Бұл ретте өткізілетін шараның ауқымы ескеріледі.

Әлеуметтік желілердегі қамтылу көрсеткіші мынадай: «ВКонтакте»-де 1462,  Instagram – 1 210 адам.

Волонтерлер үшін тұрақты түрде кеңестер, түрлі тегін семинарлар мен  оқу курстары ұйымдастырылады.

Астананың көрікті және киелі жерлерін танытуға бағытталған «Astana city Quest» екі квестке 200 ерікті қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 16 іс-шара өткізілді. Бұл – экологиялық және «Қамқорлық мекен-жайы» акциялары.

Елорда күніне арналған шараларды өткізу мақсатында тұрақты волонтерлерден құралған уақытша штаб құрылды. Жалпылай алғанда, 250 волонтер қатысқан халықаралық және қалалық деңгейдегі 15-тен астам іс-шара өткізілді.

Волонтерлік қызметтің негізгі басымдықтарына еріктілердің іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибе алуы, теориялық білімді іс жүзінде қолдануына мүмкіндіктің баршылығы, топта жұмыс істеу қабілетінің дамытылуы жатады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109