2577

Экологтар Астанадағы қою түтіннің себебін түсіндірді

Қала әкімдігі атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту үшін кешенді шаралар қабылдайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қала аспаныңдағы қалың түтіннің себебін түсіндірді.

«Осы күндері Астана аспаныңда қалың түтін тұр, оның себебі ауа райының қолайсыздығы (желсіз тұман) және жер үйлердің үйді жылыту үшін көмірді жағуы», деп хабарлады қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы.

Сонымен қатар, Астана қаласының атмосфералық ауасын ластаудың негізгі көздері 1, 2-ші ЖЭО және автономды қазандықтар, ластаушы заттардың жалпы шығарындыларының 95,5 % астамы құрап отыр.

Қаланың ауа кеңістігін жақсарту мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылған: коммуналдық шаруашылықтардың 854 техникасы газга ауыстырылған, өз көліктеріне газ орнатуға 14 мыңнан астам заңды және жеке тұлғаға рұқсат берілген. Астана әкімдігіне қызмет көрсететін 500 таксиді газға аудару бойынша меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Астана қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қоршаған ортаны сауықтыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары» жасалып бекітіліп, «Астана қаласында газ тарату желілерінің құрылысы және тұрғын алаптары мен жеке секторды табиғи газга ауыстыру бойынша жол картасы» әзірленген.  Газдандыру  станциясы іске қосылды. Оған «Назарбаев Университеті», Ғарыш орталығы академиясы, Қорғаныс министрлігі қосылған.

Бұдан бөлек, әкімдік «Астана қаласының 2030 жылға дейінгі төмен көміртекті даму стратегиясын» жасауда, ол парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша халықаралық міндеттемелерді орындауға және энергия үнемдеу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Қазақстан астанасының ауа бассейнінің жай-күйі халықтың тіршілік етуі үшін экологиялық тұрғыдан қолайлы ретінде сипатталады.


 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109