2407

Көктемде қамданған қапы қалмайды

Көктем келіп, күн жылынғалы жер-дүние де бусанып жатыр. Биыл қар жылдағы мөлшерден біршама көп түскенін ескерсек, өзге өңірлердегі сияқты астаналықтарды да су басу қаупі алаңдатып отыр. Алайда, қар қала сыртына уақытылы шығарылып, күндіз-түні жұмыс тоқтаған жоқ.

Көктем келіп, күн жылынғалы жер-дүние де  бусанып жатыр. Биыл қар жылдағы мөлшерден  біршама көп түскенін ескерсек, өзге өңірлердегі сияқты астаналықтарды да су басу қаупі алаңдатып отыр. Алайда, қар қала сыртына уақытылы шығарылып, күндіз-түні жұмыс тоқтаған жоқ. Десе де, табиғаттың тосын сыйын болжап-білу қиын. Сондықтан қаладағы аудан әкімдіктері арындап аққан ағын суды ауыздықтаудың қамына мықтап кіріскен.

Берік Ахметжанов, Астана қаласы, Есіл ауданы әкімінің орынбасары:

Есіл ауданында су тасқынына қарсы әрекеттерге жауап беретін арнайы комиссия құрылған. Мезгілімен жиналыстар өткіземіз. Ауданда су басу қаупі бар үш орын бар. Олар - Шұбар тұрғын үй алабы,  Шығыс Ильинка және Үркер тұрғын үй алабтары,  Қорғалжың тас жолы Бейсекова көшесінен «Рубеж» постына дейін. Қыс бойы жұмысты тоқтатқан жоқпыз. Қар көп түсті, соған қарамастан жауған қарды тау ғып үймей, бар техниканы жұмылдырып, күні-түні жұмыс жүргіздік.

«Есіл» ауданында санитарлық тазалау, механикалық, қолмен қар күреу және орамішілік аулаларды жинауды 26 мердігерлік ұйым жүргізеді. Бір аусымда 458 техника жұмылдырылады. 2012 жылдың 4 қарашасынан 2013 жылдың 27 наурызына дейін ауданнан 1 666 459 текше метр қар шығарылған. 31 000 га жерді алып жатқан аудан 9 орамға, 19 телімге бөлінеді.

Берік Ахметжанов, Астана қаласы, Есіл ауданы әкімінің орынбасары:

Ауданда су жиналған жерлер де бар. Бірақ, тұрғындар қорқатындай  үйлеріне су кіру қаупі бар деп айта алмаймын. Мәселен, Шығыс Ильинкадағы секторлық телімдер негізінен жеке меншіктерге қарайды. Сонда кішкене су мәселесі болуы мүмкін. Өйткені ол жердегі үйлер төменгі жерде орналасқан. Былтырдан бастап арық қазылған. Жиналған судың біразы сонымен кетеді. Енді сырттан су келмес үшін қорғаныш бөгеттерін жасап жатырмыз. Жұмыс тоқтаусыз жүргізілуде.

Биылғы жылдың 25 наурызында Есіл ауданы тұрғындарынан түскен өтініштер бойынша Шығыс Ильинка тұрғын  үй алабына ұсақ тастар жөнелтілген. Ауа райының құбылмалы болуына байланысты  су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасын табатын болады.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109