2189

Алматы ауданының 17 тұрғын үй нысанында күрделі жөндеу жоспарланған

2013 жылы Алматы ауданның әкімдігі тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнінде бір қатар іс-шараларды жоспалаған.

2013 жылы Алматы ауданның әкімдігі тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар іс-шараларды жоспарлаған. Бұл туралы astana.kz сайтына Алматы ауданының әкімдігінен мәлім етті.  

Айту керек, ауданда «ТКШ жаңғырту» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары үш жыл қатарынан жүргізілуде. Тұрғын үй кешендері мен жатақхана тұрғындарынан мақсатты қаржы жиналғаннан кейін күрделі жөндеу жұмыстары ұйымдастырылады. Соның арқасында 2011 жылы 6 ғимарат жөнделіп, 2012 жылы 11 үй жаңаланды. Ал биылғы жылы 17 нысанды жөндеу жоспарлануда.

Сонымен қатар, аулалар мен үйлердің кіреберістерінде тәртіп пен тазалықты сақтау үшін әкімдік ПИК-термен бірлесіп бейнебақылау қондырғысын орнатуда.  Атап айтқанда, 2011 жылы 47 аулаға камера қойылса, 2012 жылы 56 камера қойылды.  2013 жылы 100-ден астам  камера қою жоспарлануда.

Алматы әкімдігі атап көрсеткеніндей, көптеген тұрғындар бұл іс-шараға оң қарап, камера орнатуға келісімдерін береді. Бейнебақылау үй иелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өздеріне сенімді болудың кепілі екені сөзсіз.

Бұдан басқа, әкімдіктен хабарлағанындай, азаматтардың қауіпсіздігі мен қорғанысы үшін үйлер есігінің 90%-дан астамына домофондар қойылған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109