2619

Астаналық мектеп оқушылары республикалық олимпиадада үздік шықты

2013 жылдың 25-і мен 30-шы наурызы аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беруден мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының ІV кезеңі өтті Қала мектептерінен олимпиадаға 41 оқушы қатысты.

2013 жылдың 25-і мен 30-шы наурызы аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беруден мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының ІV кезеңі өтті.  Қала мектептерінен олимпиадаға 41 оқушы қатысты.  

 Аstana.kz сайтына  «Астана дарыны» орталығынан хабарлағанындай, Олимпиада нәтижесінде Астана командасы жалпыкомандалық есепте І орынға шығып, «Үздік команда - 2013» атағын иеленді. Жүлдегер болып  27 оқушы танылды. «І орын - 4 оқушы, ІІ орын - 8 оқушы, ІІІ орын - 15 оқушы», - делінген хабарламада.

Еске салайық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беруден мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасы Қазақстанда 15 пән бойынша өткізіледі. Негізгі мақсаты дарынды балаларды анықтап, олардың болашағына бағыт-бағдар сілтеу.  

Олимпиада ережесіне сәйкес төрт кезеңде өтеді:

1) бірінші кезең - мектептік;

2) екінші кезең  - аудандық (қалалық);

3) үшінші кезең - облыстық (Алматы  Астана қалалары олимпиадалары, сондай-ақ републикалық дәрежедегі мектептер облыстық олимпиада мәртебесіне теңеседі);

4) төртінші кезең - республикалық.

Республикалық олимпиада жүлдегерлері пән қазылары алқасының шешімі бойынша I, II, III дипломдармен, әрбір пән және сынып бойынша грамоталармен марапатталып, арнайы бағалы сыйлықтарға ие болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109