Елордада көпбалалы ана тігін цехын ашты
Алты баланың анасы, III топтағы мүгедек, «Күміс алқа» иегері Аягөз Шнайдер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жібек» тігін цехын ашты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«Бүгін біз кезекті тігін орталығын ашып отырмыз. Көпбалалы ана Аягөз Шнайдер қала әкімі Алтай Сейдірұлының жеке қабылдауында бірнеше рет болды. Кездесуде «мен жұмыс істеуге дайынмын, тек мүмкіндік беріңіз», деп өтініш білдірген. Қазір демеушілердің арқасында осындай мүмкіндікке жетіп отыр. Арнайы тігін жабдықтары сатып алынып, шағын жөндеу жұмыстары жүргізілді, цех орны жалға алынды», - деді цехтың ашылуында Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.
Аягөз Шнайдердің айтуынша, цехта 10-ға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр, олардың ішінде көпбалалы аналар, мүгедектігі бар әйелдер, жалғыз басты аналар болады.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен тігін цехын аштым. Қала әкімі Алтай Сейдірұлына көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен жұмыс іздеп оның қабылдауында бірнеше рет болдым. Енді міне осы нәтижеге жетіп отырмын. Маған демеушілер табуға көмектесті. Кәсіпкер Дина Сырғабаева құрал-жабдық сатып алуға көмектесті. Цехта мүгедек кісілер, көпбалалы аналар, жалғыз басты аналар жұмыс істейді. Мен өзім 6 бала тәрбиелеп отырған жесір әйелмін, «Күміс алқа» иегерімін, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша III топтағы мүгедекпін. Бірақ жұмыс істегісі келетін адамға мұның ешқайсысы кедер келтірмейді деп білемін», - дейді кәсіпкер.
Көпбалалы ана сондай-ақ жақын арада тігін орталығын ашып, тігін тігуді, кесте тоқуды оқыту жоспарлап отырғанын атап өтті.
«Орталықта БЦП диагнозы бар балаларды оқытамыз, себебі кесте тігу мен тоқу балалардың моторикасын дамытады. Мен ерекше баланың анасы ретінде мұны растай аламын», - деп қосты ол.
Тігін цехы Жағалау ауданында орналасқан. Елорданың ішкі саясат басқармасының басшысы атап өткендей, биыл Нұр-Сұлтанда осындай 5 орталық ашылды.
«Сегодня мы открываем очередной швейный центр. Многодетная мама Шнайдер Аягоз неоднократно была на личном приеме у акима города Алтая Сейдировича. Она тогда говорила: «Я готова работать, дайте только возможность». Такую возможность она получила, благодаря спонсорам. Было закуплено специальное швейное оборудование, сделан небольшой ремонт, помещение взято в аренду», — сказал на открытии цеха руководитель Управления внутренней политики города Нур-Султан Даурен Бабамуратов.
Как рассказывает сама Аягоз Шнайдер, в цехе планируют трудоустроить порядка 10 человек, среди которых будут многодетные матери, женщины с инвалидностью, матери-одиночки.
«При поддержке акимата города Нур-Султан я смогла открыть швейный цех. Хочу выразить благодарность акиму города Алтаю Сейдировичу за помощь. Я была ни раз у него на приеме в поисках работы, и вот мой результат. Мне помогли найти спонсоров. Предприниматель Дина Сыргабаева помогла приобрести оборудование. В цехе работают инвалиды, многодетные мамы, матери-одиночки. Я сама вдова, воспитываю 6 детей, обладатель «Күміс алқа», а также по состоянию здоровья инвалид III группы. Но для того, кто хочет трудится, нет преград», — говорит предпринимательница.
Многодетная мама также отмечает, что в ближайшее время планирует открыть швейный центр и обучать шитью, люверсной вышивкой.
«В центре будем обучать детей с ДЦП, так как вышивание и вязание развивает моторику у детей. Я, как мама особенного ребенка, могу это подтвердить», — добавила она.
Швейный цех расположился в районе Жагалау. Как отметил руководитель Управления внутренней политики столицы, в текущем году в Нур-Султане открыли 5 подобных центров.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz