1712

Елордалық гандболшылар V жастар ойындарында күміс жүлдені жеңіп алды

Шымкент қаласында қол добынан Қазақстан Республикасының V Жастар ойындары аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

12-18 шілде аралығында өткен жарыста 2002 жылғы қыздардан құралған командалар бақ сынады. Жарысқа жалпы 11 команда қатысты. Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Қостанай, Түркістан, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарымен қатар Алматы, Шымент, Нұр-Сұлтан қалаларынан гандбол шеберлері қатысты. Тартысқа толы додада елордалық қыздар құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынды жеңіп алды. Бірінші орынды Шымкент қаласының құрамасы иеленсе, Қарағанды облысының спортшылары үшінші орынға тұрақтады. 

Нұр-Сұлтан қаласының гандбол құрамасының бас жаттықтырушысы Диас Ақмұрзаев елордалық қыздардың еліміздің Жастар құрамасының сапында ойнайтынын айтты. 

«Жарысқа былтырғы жылдан бері тыңғылықты дайындалдық. Нұр-Сұлтан қаласы гандбол федерациясы ұйымдастырған оқу-жаттығу жиындарына қатыстық. Елорда әкімдігі және федерацияның қолдауымен жарысқа жан-жақты дайындалып, жоғары нәтиже көрсеттік.  Басқа командалармен салыстырғанда біздің құрама ойыншыларының көбі 2004 жылғы қыздар. Бірақ оған қарамастан қыздар жоспарды жүз пайызға орындап шықты. Осы бесінші жастар ойындарының қорытындысы бойынша біздің командадан жеті қызымыз еліміздің жастар құрамасына ілікті. Бұл дегеніміз үлкен жетістік. Енді осы жылдың қазан айында Кореяда өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатында қыздарымыз ел намысын қорғайды», — деді бас бапкер.

Естеріңізге сала кетейік наурыз айында бастау алған V жастар ойындары тамыз айында өз мәресіне жетеді. Төрт жылда бір өтетін дүбірлі додада еліміздің барлық өңірінен жиналған спортшылар спорттың 36 түрі бойынша сынға түсуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109