2254

Елорда спортшыларына тұңғыш рет қала әкімінің  білім гранттары беріледі

Биыл тұңғыш рет Нұр-Сұлтан қаласының спортшы талапкерлеріне қала әкімінің білім гранттары беріледі.

Конкурстық коммисия қорытындысы бойынша жоғары білімді мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын Еуразия ұлттық университеті жүзеге асырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Небір мықты спортшылар, ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген спорт шеберлері мектеп кездерінен жаттығу залында жүріп, оқу бітіріп тестілеуден өткенде біразы ақсап жатады. Мемлекеттік грантқа ілінбеген спортшылар қолжетімді мамандықтарға тапсыруға мәжбүр болады. Соның салдарынан біз мықты мамандар шығады деген спортшыларымыздан айырылып қалып жатамыз. Мемлекет басшысы жастардың спорттық әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр, тиісінше жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қала әкімі Алтай Сейдірұлына жасалған ұсынысымыз қолдау тауып, Нұр-Сұлтан қаласының спортшыларына 50 қала әкімінің грантын беру туралы шешім қабылдады. Жоғары оқу орындарын аяқтаған соң, мамандар жаттықтырушы, нұсқаушылар ретінде қалалық спорт ұйымдарына жұмысқа қабылданады. Солай біз өз кадрларымызды дайындаймыз», — деді Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.  

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша қала әкімінің грантына өтініштерді қабылдау тамыз айының 20-на дейін жалғасады. 

Талапкер спортшылар тапсыруы тиіс құжаттар тізімі: 

Төлқұжат (нотариалды расталған көшірмесі);

Спорттық дәрежесі 1 разряд, СШҮ, СШ (нотариалды расталған көшірмесі);

Республикалық және Халықаралық жарыстардың дипломдары мен мадақтама қағаздары (нотариалды расталған көшірмесі);

ҰБТ сертификаты;

Шығармашылық эмтихандар хаттамасының шешімі.

Жоғарыда аталған құжаттарды тапалкерлер ЕҰУ-дың қабылдау бөліміне (Қ.Мұңайтпасов 13) апарып тапсырады. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң конкурстық коммисия құрылып, әкім грантының иегерлері белгілі болады. 

Қосымша сұрақтар ЕҰУ-дың қабылдау бөліміне 55-68-57, 55-68-55, 55-68-53, 55-68-73, сондай-ақ Дене шынықтыру және спорт басқармасына 557567, 557561 хабарласып білуге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109