Елордалық спортшылар паралимпиадашыларға жеңіс тіледі
Көркем гимнастикадан ұлттық құраманың спортшылары, сондай-ақ паралимпиадашы Елдос Абаев Токиодағы байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшыларға жеңіс тіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
«iKomek қалалық орталығының бақылау және қадағалау департаментінде жұмыс істеймін. Сонымен қатар Паралимпиада спортымен шұғылданамын. Төрт жылда бір келетін Токиодағы дүбірлі додада ел намысын қорғайтын спортшыларға үлкен табыс, сол сияқты биік белесті бағындырып, чемпион атануын тілеймін! Өз тарапымыздан спортшыларымызға жанкүйер болып, қолдау көрсетеміз», - дейді паралимпиадашы Елдос Абаев.
Жапония астанасы – Токиода Паралимпиада ойындары 2021 жылдың 24 тамызында басталып, 5 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттың 7 түрінен 25 спортшы Қазақстан намысын қорғайды.
«Спорт – менің өмірім. Ал олимпиадашылар – еліміздің мақтанышы. Еліміздің үздіктеріне тек жетістік тілеймін! Токиодағы Паралимпиада ойындарында еліміздің көк Туы желбірейтініне күмәнім жоқ.
Оларға сәттілік пен жеңіс тілейміз! Біз спортшыларымызбен мақтанамыз!
Спортшыларымыз жалғыз емес. Бүтін бір ел спортшыларымыздың тілеуін тілеп, үлкен жеңістер күтеді. Біз сіздермен біргеміз! Алға, Қазақстан!» – деп жастарымыз қолдауын білдірді.
Айта кетейік, осыған дейін елордалық волонтерлер спортшыларымызға жеңіс тілеп, бейнеүндеу жолдаған болатын.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz