1440

Елордадағы Триатлон паркте жеңіл атлетикадан марафон өтті

Елордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Триатлон паркте «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері – мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында жеңіл атлетикадан марафон өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Марафонды «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалы ұйымдастырды.

«Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өтті. Президенттің айтуынша, бұқаралық спортты дамыту балалардың интернет алдында телміруіне тоқтау болмақ. Ұлдар 3 км, қыздар 2 км жүгіруі керек», - деді «Жас Сарбаз» елордалық филиалының басшысы Асхат Налшыбек.

Қара күш иесі – Сергей Цырульников балалар арасында қазақ спортшыларының өмірінен алынған оқиғалар жайлы викторина өткізді. Әрбір дұрыс жауап үшін көпшілік алдында темір болаттан түрлі фигураларды бүгіп сыйға берді.

«Мұндай викториналар өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін маңызды. Олар бұрынғы батырлардың дәстүрі, тарихы туралы білуі тиіс. Жастар тарих пен мәдениетке оң көзқарас қалыптастыруы керек», - деді ол.

Марафон «Жас Сарбаз – Тәуелсіздік тірегі» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының, Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және ҚР ҚК «Ұлттық әскери-патриоттық орталығының» қолдауымен өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109