2243

Елордада өңірлер мен Нұр-Сұлтан қаласы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласының тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Қала тұрғындары мен қонақтары күннің суығына қарамастан қажетті азық-түлік қорын сатып алуда. Әсіресе, сиыр еті мен сүт өнімдері, балық пен көкөніс кең сұранысқа ие. Ал тауар құны нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан.

«Бүгін күн суық болса да өз өнімдерімізді әкелдік. Тұрғындар біртіндеп жиналып жатыр. Кешкі уақытта дейін тауарларымызды сатып, ертең таңертең тағы да шығамыз. Бір байқағаным, балық өнімдерінің бағасы арзан болғандықтан тез өтіп кетеді», – дейді Ардақ есімді сатушы.

Бұдан бөлек, тауарлардың кең ассортименті ұсынылуда, соның ішінде: сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және қышқыл сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, ұн және т.б. өнімдер бар.

«Мен бүгін алма мен қияр, сиыр еті мен балық етін салып алудамын. Себебі, алманың құны 350 теңгеден басталады екен. Ал үйімнің жанындағы дүкеннен 550 теңгеден алып жүрмін. Сенбілік демалысымды пайдаланып, жәрмеңкеге келдім», – дейді Сымбат есімді қала тұрғыны.

Айта кетсек,  аталған жәрмеңке 6-7 қараша күндеріне дейін жалғасады. Келер аптаның сенбі-жексенбі күндері тағы да 200 астам тауар өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109