1852

Нұр-Сұлтанда «Көнеден жеткен сырлы әуен» атты концерт өтті

Елорда филармониясында «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің әртісі Омар Райханның «Көнеден жеткен сырлы әуен» атты концерті өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Кешті ұлттық аспаптармен сүйемелдеген «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі – Тоғжан Жахин.

Қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспаптарының сан алуандығын көрсеткен кештің ерекшелігі домбыра үнінен бөлек тұңғыш рет уілдек, тастауық, сазсырнай, шаңқобыз, үскірік, жетіген, құссайрауық, шыңырау сынды музыкалық аспаптармен шығармалар жекелей орындалды.

«Қазақ өнерінде үлкен тарихи сәттердің бірі болып жатыр. Себебі сазсырнай аспабымен жеке концерт беру бірінші рет болып тұр. Ансамбліміздің әртісі Райхан Омар сазсырнайдың түрлері уілдек, тастауық, үскірік, құссайрауық, шыңырау секілді аспаптардың түрлерінде өнер көрсетті. Сол сияқты жаңа шығармалар, репертуар қойылды. Тек халық әндері ғана емес классикалық шығармалар да осы концертте қойылады», - деді «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің көркемдік мүшесі.
Өз өнерлерімен республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары – Бейбіт Мұса, Дарын Құдайберген, Қарагөз Гасимова, Айбала Бейсенова, Оспан Құлсымақ, Сандуғаш Тұрғанбекқызы, Көркем Шолошова мен «Шалқыма» халық би ансамблі және Омар Райханның шәкірттері, №1 Музыка мектебінің оқушылары кеш төрін әнмен күйге бөлеп, келген көрермендердің ықыласына бөленді.

«Біз сазсырнай аспабының түрлеріне тоқталып, солардың ерекшелігін көрсету мақсатында әрқайсысына жеке-жеке нөмірлер дайындадық. Қазіргі халық әндері, Ықылыс Ерденұлының күйлері, бүгінгі композиторлар, сол сияқты жетекшіміз Тоғжан Жахин, одан бөлек Ермек Өміров, Ермұрат Үсенов, Қуаныш Жұмағали сынды композиторлардың шығармалары ойналатын болады», - деді «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің әртісі Райхан Омар.

Елімізде тұңғыш рет ұлттық құндылықтарымыз бен ұлттық аспаптарымыздың табиғатпен үндескен өзгеше үндерін жеке-жеке халыққа ұсынып, сан алуан аспап түрлерін көрсете білді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109