Елордада «Айтылмаған бір әнім бар» атты концерт өтті
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Нұрлан Өнербаевтың «Айтылмаған бір әнім бар» атты концерті өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды
Ән кеші Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Кешке «Музыкалық жас көрермен театрының» әртістері, сол сияқты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Саят Медеуов, Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуәлі, «Славян базары-2021» халықаралық фестивалінің гран-при иегері Рухия Байдүкенова, «Junior Eurovision-2020» халықаралық байқауының лауреаты Ержан Максим, «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінің гран-при иегері Әділхан Макин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат-Света Айтбаевтар, «МузАрт» тобы және Ұлықпан Жолдасов сынды танымал өнер азаматтары қатысып, әннен шашу шашты.
Кешке келген көрермен қауым Нұрлан Өнербаевтың белгілі әндерін тыңдап, рухани сусындап қайтты.
Іс-шара санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz