Еліміздің барлық өңірінде "Ел тірегі - ЕЛБАСЫ" қайырымдылық акциясы басталды
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында және жаңа жыл қарсаңында "Халық" қайырымдылық қоры елорда әкімдігінің қолдауымен игі дәстүрді жалғастырып, кезекті ауқымды "Ел тірегі - ЕЛБАСЫ" қайырымдылық акциясын бастайды. Акция еліміздің барлық өңірлерінде 2 желтоқсанда басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
"Халық" қайырымдылық қоры "Ел тірегі - ЕЛБАСЫ" әлеуметтік маңызы бар акциясын алғаш рет өткізіп отырған жоқ. Мәселен, 2020 жылдың сәуірінен бастап 2021 жылдың шілдесіне дейін ондаған мың отбасы қажетті көмек алды - барлығы жалпы салмағы 4 млн кг-дан асатын 80 000-нан астам азық-түлік жиынтығы бөлінді.
Желтоқсан айында Қазақстан Республикасы бойынша 20 000 отбасы кезекті рет азық - түлік жиынтығын-жалпы сомасы 520 млн теңгеге 1 млн кг-дан астам қажетті азық-түлік алады. Әр отбасына 50 кг салмақ жиынтығы беріледі: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және жаңа жылдық кәмпиттер жиынтығы.
"Шын мәнінде мұқтаж адамдарға қуаныш сыйлай білу өте маңызды –көрсетілетін көмектің арқасында өмірде қиын жағдайға тап болғандар да мерекелік көңіл-күйді сезінеді", – делінген қордың үндеуінде.
Акция аясында көмек ҚР Тәуелсіздік күніне дейін көрсетіледі. Азық-түлік себеттерін алушылардың мекен-жайына жеткізуді өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімге сәйкес еріктілер қамтамасыз етеді.
"Халық" қоры осы көмекті қажет ететін отбасыларға азық-түлік жиынтығын табыстайды. Біз акцияның барлық қатысушыларына жоғары әлеуметтік жауапкершілік, жанашырлық танытқаны және мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге ниет білдіргендері үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!"- делінген "Халық" БФ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаеваның үндеуінде.
"Халық" қайырымдылық қоры бизнес-қоғамдастықтар мен басқа да қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігуге және "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" желтоқсан акциясын қолдауға шақырады.
Айта кету керек, биыл елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Игі істер марафоны" аясында өтті. Қалада жүздеген қайырымдылық іс-шаралары өткізілді, 10 мыңнан астам отбасы азық-түлік себеттері және бірінші қажеттіліктегі заттар түрінде көмек алды. Сондай-ақ, еріктілер көп балалы отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға аулаларын қар мен мұздан тазартуға көмек көрсетті.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz