1286

Нұр-Сұлтан қаласында «Qysqy jugiru»  жарысы өтті

Елордадағы триатлон саябағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  қысқы жүгіру жарысы  өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

«Qysqy jugiru» жарысының негізгі қашықтығы 10 шақырымды құрады. Жарысқа 250-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтары және спорт әуесқойлары қатысты.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, Нұр-Сұлтан қаласының триатлон Федерациясының Президенті Ержан Біржанов және  Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысып, берілген он шақырымды жарыс қатысушыларымен бірге бағындырды.

«Қайырлы таң, құрметті жарыс қатысушылары! Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қысқы жүгіру жарысына қош келдіңіздер. Елордалық тұрғындар бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Соның дәлелі бүгін міне, қала тұрғындары және әуесқой спортшылар триатлон саябағында өтіп жатқан қысқы жүгіруге қатысуда. Баршаңызға сәттілік, жеңіс тұғырынан көрінулеріңізді тілеймін. Алдағы келе жатқан мерекелер құтты болсын!»,- деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

«Qysqy jugiru» жарысының қатысушылары 5 жас ерекшеліктері бойынша сынға түсті. Атап айтақ: 18-29 жас; 30-39 жас; 40-49 жас; 50-59 жас; 60 жас және одан жоғары.

"Бүгін әуесқой спортшылардың басын біріктіріп, жаңа жылдың алдында жүгіру өткіздік. Қатысушылардың саны 250-ге жуық. Қашықтық- 10 км. Мақсаты—қала тұрғындарын спортқа баулу. Қазіргідей қиын кезде спортпен айналысқан адамдар аз ауырады. Сондықтан, барлықтарыңызды спортпен шұғылдануға шақырамыз",- деді қалалық Триатлон Федерациясының президенті Ержан Біржанов.

Жарыстың басты мақсаты – елордада бұқаралық спортты дамыту, Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлт денсаулығын жақсарту.

"Бүгін жарыс тамаша өтті деп айтуға болады. Ауа райына байланысты кішкене мұз болды, соған қарамастан жарыстың ұйымдастырылғанына үлкен рақмет айтам. Жарыс тамаша болды",-деді қатысушы Ақас Қалдыбек.
 
Мәреге жеткен әрбір қатысушыға финишорлық медалі табысталып, әр жас санаттағы жеңімпаздар сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, жарыс барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109