1424

Нұр-Сұлтанда бұқаралық спортты дамыту үшін қандай шаруалар жүргізіліп жатыр?

Спорт – денсаулық кепілі. Нұр-Сұлтан қаласында бұқаралық спортты дамыту үшін әлемнің үздік тәжірибелері зерделеніп, арнайы бағдарлама әзірленді. Бағдарлама аясында қандай бастамалар жүзеге асып жатыр? Елорда әкімдігі ресми сайты осы бастамаларға тоқталып өтеді.

Бағдарлама аясында спорттың ойын түрлері (футбол, стритбол) бойынша аула лигалары өткізілді.

Футбол мен велоспорт дамып келеді

Қаланың барлық ауласын қамту және қолда бар алаңдарды тиімді пайдалану үшін 4 ауданда орналасқан 16 алаңда аула лигасы өткізілді. Лига үш айға созылды. Оның барысында ауданішілік, ауданаралық, қалалық турлар өткізілді. Оған 1760 адам қатысты.

Сонымен қатар қаламызда халықтың спортпен шұғылдануына да барлық жағдай жасалған. Нақтырақ айтсақ, қалада 318 ашық футбол алаңы, 23 стрит воркаут алаңы, сол сияқты 40 баскетболға арналған арнайы алаң бар.

Сол сияқты велоспорт та дамып келеді. Оған сәйкес веложолдардың саны да едәуір артты.

Қазіргі таңда 70 км веложол төселді. Жоспарда 123 км веложол төсеу бар. Жасыл белбеу жанында 23 км веложол пайдалануға берілді.
Нұр-Сұлтан қаласының саябақтарында да спортпен шұғылданушылар саны артып келеді. Триатлон саябағы, Астаналық, Жерұйық, Ботаникалық саябақтарда жүгіру және велосипедке арналған арнайы жолдар бар. Осының бәрі бұқаралық спорт түрлерін дамыту үшін жасалып жатыр.

Smart sport – қолжетімді спорт

Қазіргі таңда бүкіләлемдік пандемияға байланысты спорттық іс-шаралардың тоқтап тұрғаны белгілі. Осы жағдайды ескере отырып, елорда тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында әр ай сайын жүгіру және веложүгіруден онлайн жарыстар ұйымдастырылуда. Қала тұрғындары өздеріне қолайлы уақытта, кез-келген саябақта жүгіріп, қортындысымен «Страва» қосымшасы арқылы бөлісе алады. Сондай-ақ, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы жарыстары арнайы платформа арқылы онлайн жарыстар ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек бұқаралық спортты дамыту мақсатында да қазіргі заманның талабына сәйкес халыққа спортты қолжетімді ету үшін Smart sport жобасы әзірленуде. Бір мобильді қосымша арқылы қаладағы барлық спорттық инфрақұрылымды, спорт түрлері бойынша жаттығулар өткізілетін залдарды, спорт мекемелеріндегі жаттықтырушылар, спорттық іс-шаралар және басқа да ақпаратты қамту жоспарланған. Жалпы қала тұрғындары еркін пікір алмаса алатын платформа болмақ. Осы қосымша арқылы спорт мектептеріне қабылдау үрдісін оңтайландыру қарастырылуда.

Қалада 30-дан аса аула клубы бар. Қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан үш мыңнан астам бала мұнда тегін оқып, жаттығады.

Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамтуды арттыру мақсатында «Қолжетімді спорт» бағдарламасы әзірленді.
Елорданың спорт залдарында қараша айында «Қолжетімді спорт» жобасы өз жұмысын жалғастыруда. Спорттың 6 түрінен (фитнес/зумба, скандинавиялық жүру, каратэ, жүгіру, тоғызқұмалақ, үстел теннисі) сабақтар қала бойынша 40-тан астам жерде өткізіледі. Солтүстік серуендеу ашық аспан астындағы саябақтарда өтеді. Кез келген адам спорт түрін таңдап, аптасына 3 рет жаттыға алады. Жобаға жоғары санатты жаттықтырушылар, спорт шеберлері, білікті нұсқаушылар тартылған. Жаттығулар клубтардың, спорт орталықтарының және спорт сарайларының, соның ішінде QAZAQSTAN жеңіл атлетика аренасы, Тәуелсіздік сарайы және «Алау» мұз сарайының аулаларында өтеді.

Қатысушыларды жалпы қамту 20 мыңнан астам елорда тұрғының құрады. 2022 жылы жобаны жазғы кезеңге қайта ұйымдастыру жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109