1587

Елордада ТЖ кезінде шетелдік азаматтар 300 -ге жуық көші-қон заңнамасын бұзды

Қазіргі уақытта елордада жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары тиісті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қала периметрі бойынша 6 блокбекет тәуліктік режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық комендатураға сілтеме жасап.

Бір тәуліктің ішінде қалада 11 қылмыс тіркелді. 105 жол-көлік оқиғасы тіркелді, жарақат алғандар жоқ.

Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бері 353 белгіленген режимді бұзу немесе мемлекеттік орган белгілеген талаптарды орындамау фактісі тіркелді. Кінәлілерге қатысты шешімді сот қабылдады.

«Төтенше жағдай кезінде елорда көшелері мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған шетелдіктерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде. Базарлардың, сауда үйлерінің, супермаркеттер мен құрылыс нысандарының және т.б. аумағында жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Көші-қон заңнамасын бұзудың 1300-ден астам фактісі анықталды, оның ішінде 295 фактісі шетел азаматтары тарапынан жасалған, 41 шетел азаматы елден шығарылды», - деді қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамет.

Сонымен қатар тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқаны және тұрғын үй иелерінің өз үйлерінде тұрмайтын адамдарды тіркеуге жол бергені үшін Қазақстан Республикасының 940-тан астам азаматы жауапкершілікке тартылды.

Еліміздің көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдаған 82 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Аталған профилактикалық іс-шараны өткізу барысында полиция қызметкерлері елде болу мерзімі өткеннен кейін кетуден жалтарған екі шетел азаматын анықтады. Құқық бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен шетелдіктер Республикадан тысқары жерге шығарылды.

Учаскелік полиция инспекторлары 5882 жалдамалы тұрғын үй мен 490 хостелді тексерді.

«Егер Сіз өзіңіз тұратын үйде күмән тудыратын адамдардың туратыны немесе күдік келтіретін заттар жөнінде қандай да бір ақпарат білетін болсаңыз дереу 102 телефон нөміріне немесе қызмет көрсетілетін аумақтағы өз учаскелік полиция инспекторыңызға хабарлаңыз», - деді Арман Баймұхамет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109