Нұр-Сұлтанда республикалық маңызы бар бірнеше автожол қозғалысы тоқтатылды
Елордада ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 қаңтарда сағат 11-:45-те ауа райының нашарлауына, оның ішінде бұрқасын, қатты жел, көктайғақ және көріністің нашарлауына байланысты «Нұр-Сұлтан қаласы – Петропавл қаласы» (18-231 км), «Нұр-Сұлтан қаласы – Щучинск қаласы» учаскесі, «Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы» (1291-1426 км), «Нұр-Сұлтан қаласы – Теміртау қаласы» учаскесі республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалыс жабылды.
Елорданың ТЖ департаменті жедел топ құрды, ол қала сыртындағы автожолдарда қалған көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық бағыттар бойынша шығады.
«Құрметті азаматтар қала сыртына шықпауды, ауа райы жағдайы мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды кеңес етеміз! Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефонына қоңырау шалыңыз!» – деп қала тұрғындарына ТЖД-ға жүгінді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz