1827

Елорда әкімі елді мекен тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында қаланың елді мекендерін дамыту және абаттандыру туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елді мекендеріміз жүйелі түрде дамып келеді. Қаламызда 16 елді мекен бар, ал елордамыздың әрбір төртінші тұрғыны осы елді мекендерде тұрады. Қала маңына 13,5 км инженерлік желі, 5 км-ден астам кәріз және су құбыры, 3 км-ден астам нөсер кәрізі салынды.

Бүгін Көктал-1, Көктал-2, Нұр-Бесік шағын аудандарының тұрғындарымен кездестім. Бұған дейін аталған аудандардың тұрғындары елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар маңызды мәселе көтерген болатын. Нұр-Бесік шағын ауданында 200-ден астам үй орналасқан. Бұл шағын ауданға орталықтандырылған су және электр жабдықтау жүйесі қосылды, сол сияқты трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды.

Сонымен қатар, 9 елді мекенде газ тарату желісі іске қосылды, 2 жыл ішінде елді мекендерде 160-тан астам көше салынды, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылды, ал Көктал елді мекенінде қала тұрғындарына арнап үлкен саябақ ашылды. Көктал мен Өндіріс елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Дәл осындай кешендер Үркер (Ильинка), Теміржолшылар елді мекендерінде де болады.

Мичурино елді мекенінде алғаш рет мектеп салынды, бұрын оқушылар арнайы бейімделген орындарда білім алып келген болатын.

2022 жылы төрт елді мекенде тағы 4 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты 2022 жылы Интернациональный елді мекенінде алғашқы медициналық көмек орталығын салынады, ал 2024 жылға дейін екі отбасылық денсаулық орталығы екі өндірістік және өнеркәсіптік елді мекендерде салынады.

Елордалықтармен кездесуде атқарылған жұмыстар туралы айтылды, сол сияқты елді мекендерді одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар мен идеяларын тыңдадық. Қала тұрғындары көтерген мәселелер қатарында жарықтандыру, абаттандыру, әлеуметтік нысандар, жол салу, инженерлік желілер жүргізу, көгалдандыру және т.б. мәселелер бар.

Осындай бетпе-бет форматта аудан, елді мекен тұрғындарымен тұрақты кездесіп тұрамыз. Бұл бізге қала тұрғындарымен өзара байланысты күшейтуге көмектеседі, сол сияқты елордалықтардың қажеттіліктері ескеріледі әрі бұл елді мекендердің дамуына оң әсер етеді», – деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109