2057

Елорданың бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарына үндеу жолдады

Елордада коронавирустың тез өсуіне байланысты эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсуде. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова тұрғындарға үндеу жолдап, шектеу шараларын сақтауға және вакцинациялауға шақырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Соңғы аптада елордада 31 789 COVID-19 оқиғасы тіркелді, бұл алдыңғы аптаның көрсеткішінен 5 есе жоғары (алдыңғы апта – 4476).

Қаңтардың алғашқы 16 күнінде қалада 36 347 жаңа жағдай анықталды, бұл 2021 жылдың желтоқсан айында тіркелген 2737 жағдайдан 12 есе жоғары.

«Елордада эпидемиологиялық ахуалдың шиеленіскенін ескере отырып және қолданыстағы қаулыға сәйкес ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде қалада діни шомылу іс-шарасын өткізуге тыйым салынады. Қала тұрғындарын аталған шараларға түсіністікпен қарауға, елордадағы және жалпы Қазақстан Республикасындағы коронавирустық инфекция бойынша қазіргі жағдайдың ауырлығына мән беруге шақырамын», – деді елорданың санитарлық дәрігері қала тұрғындарына.

Коронавирустың жаңа штамы «Омикрон» вирусы басқа мутацияланған түрлеріне қарағанда тезірек таралады. Сол сияқты 2021 жылдың наурыз-қыркүйек айларында вакцинацияланған адамдарға да жұғуы мүмкін.

Қала бойынша қазіргі уақытта өткен жылдың ақпаны мен шілдесі аралығында толық иммундаудан өткен 244 824 адам ревакцинацияланатындар қатарына жатады. Бүгінгі күні 27 874-і немесе 11,3%-ы қайта вакцина алды.

Санитарлық дәрігер бүгінгі күні вирустан қорғанудың жолы вакцинация мен уақытылы ревакцинация екенін еске салды. Ал екпе арқылы қорғанған адамдар «омикронға» төтеп бере алады. Мұндай жағдайда аурудың салдары вакцинацияланбаған және ревакцинацияланбаған адамнан әлдеқайда жеңіл өткереді.

«Эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске саламын, сондай-ақ оны алмағандарды вакцинациялануға және ревакцинациялануға шақырамын. Мұны елордалық емханалар мен «Әбу Даби Плаза», «Керуен», «Азия Парк» СОО-ларында, «Евразия» СҮ және «Нұрлы жол» ТЖ вокзалында орналасқан екпе кабинеттерінен ыңғайлы әрі жылдам алуға болады. Сондықтан қоғамдық орындарда бетперде тағу керектігін еске саламын, әрі оған бей-жай қарамайтын азаматтарымызға сенім артамын, ал індеттің алғашқы белгілері кезінде өзге адамдармен қарым-қатынасты тоқтатып, дәрігерге қаралуды ұсынамын», – деп атап өтті Сархат Бейсенова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109