1926

Елордада шомылу рәсімі болмайды

Коронавирус індетінің өсуіне және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты елордада карантиндік және шектеу шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес кез келген бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

SARS-CoV-2 «Омикрон» штамының айналымын, елорда тұрғындары арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларының күрт өсуін және қаланың «қызыл» аймаққа көшуін ескере отырып, Нұр-Сұлтанда марафондарды, спорттық, отбасылық, естелік іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынады.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейінгі еске алу шараларын ұйымдастыруға рұқсат беріледі. Сондай-ақ, елорданың санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада жаппай шомылуды ұйымдастыруға және өткізуге, «шомылдыру рәсімі» мерекесі кезінде қасиетті суды таратуға, ұжымдық іс-шараларға, атап айтқанда жұма намазына, діни рәсімдерге, нысандар мен діни бірлестіктердің аумағында – мешіттерде, шіркеулерде, соборларда, синагогаларда және т.б. өткізуге тыйым салынған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109