1518

Жағдай бақылауда: Нұр-Сұлтанда ТЖ режимі аяқталды

Осы жылдың 19 қаңтар 00.00 сағаттан бастап елордада төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат аяқталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша қаладағы жедел жағдай тұрақты және бақылауда тұр.

Төтенше жағдай режимі басталғаннан бері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің уақытылы алдын алу және жолын кесу мақсатында горнизонның жеке құрамы жұмыс атқарды.

6 блокбекет тәуліктік режимге көшірілді.

Блокбекеттер мен қала ішінен тексеріс барысында 7 бірлік қару, оқ-дәрілер және 72 бірлік суық қару тәркіленді.Сонымен қатар 11 есірткі қылмысының жолы кесілді.

Өкінішке қарай, кейбір қала тұрғындары коменданттық сағатты бұзып, көшеде жүрген.

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 651 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, олардың ішінде өрескел заң бұзушылыққа барған 42-сі қамауға алынып, 198-іне айыппұл салынды, қалғандарына ескерту берілді.

Тәртіп сақшылары аулалар мен пәтерлерді аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 76 шетелдік азамат елден шығарылды.

Полицейлер жергілікті-рейдтік іс-шараларды өткізу барысында «коменданттық сағат» режимін бұзып, қызметін жалғастырған көңіл көтеру мекемелері анықталды. Нәтижесінде 64 кәсіпкерлік субъектісінің жұмысына тосқауыл қойылды.

Сондай-ақ алкогольдік өнімдерді сатқан-сатпағанын анықтау үшін дүкендерге де тексеріс жүргізілді.

Төтенше жағдай кезеңінде «102» арнасына келіп түскен қаңыраулар саны артты. Олардың басым көпшілігі анықтамалық сипатта болды. Қылмыс пен өзге де құқық бұзушылықтың саны едәуір азайды.

«Осы қиын күндері Ішкі істер органдары мен Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Азаматтар өткізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, қолдау білдіріп, үлкен көмек көрсетті.

Барлық қала тұрғындарына, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерге шексіз алғысымды білдіремін. Бірлескен және жүйелі жұмыстың арқасында елордамыздағы тәртіп пен тыныштықты сақтадық», - деді елордалық Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Ержан Саденов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109