Елордада жыл бойы өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің жұмысы жанданады
Елордада жыл бойы өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесі 21 қаңтардан бастап өз жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде жергілікті тауарлар, сондай-ақ көрші облыстардың ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылған. Мұндағы бағалар нарықпен салыстырғанда 10-20%-ға арзан.
Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкеге қатысуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге 8 7172 61 35 54 нөмірі бойынша хабарласу қажет.
Жәрмеңкенің мекенжайы: «Пригородный» елді мекені, Арнасай көшесі, 109.
Жұмыс уақыты: күн сайын 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz