1755

Шет қалмайды: Елордада волонтерлер COVID-19 ревакцинациясынан өтіп жатыр

Елорда еріктілері коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациядан белсенді өтіп, қала тұрғындарын иммундаудан өтуге шақырады. Жақында олардың бір бөлігі «Абу Даби Плаза» СОО-дағы егу пунктінде  ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еріктілер – індетке қарсы күрестегі басты күштердің бірі. Олар вакцинация пункттерінде, ауруханаларда, жұқпалы аурулар стационарларында жұмыс істейді, қазақстандықтарға өзін-өзі оқшаулауға көмектеседі, мұқтаж жандарға, қарт кісілерге жәрдем береді және осының бәрін ерікті түрде өтеусіз жүргізеді.

«Еріктілеріміз әлі күнге дейін ковидтік госпитальдарда жұмыс істеп жүр. Мұндай орында жұмыс істеу физикалық жағынан ғана емес, моральдық тұрғыдан да қиын. Мәселен, күліп, сөйлесіп жатқан адам кенеттен ес-түссіз ауырып қалады, оған оттегі қажет. Волонтерлеріміз осының бәрін өз көзімен көрді, сондықтан вакцинация және ревакцинация туралы мәселеде ойлары орынды», – дейді «Қазақстанның Медицина Жастары» РҚБ төрағасы Абылайхан Әбдірәш.

«Астана жастары» волонтері Дамир Айтымов ревакцинациядан алғашқылардың бірі болып өтті. Коронавирустық пандемия кезінде жас жігіт аянбай еңбек етті. Карантин шараларын сақтауға көмектесті, сол сияқты маска, қолғап, антисептик таратты.

«Мұндай жағдайда көмек көрсетпей, шетте қалғым келмеді. Науқастардың жағдайын өз көзіммен көру шынымен қиын болды. Екпе алып, «қызыл аймақта» жұмыс істеп жүрген еріктілерге көмектестім. Қазір ревакцинацияға келіп отырмын. Елордада науқастар қатары тағы да көбейіп келеді. Бұл біздің иммунитетіміз әлсірейтінін, ал вирус мутацияға ұшырайтынын білдіреді. Әрбір адам өз денсаулығы өз қолында екенін түсінгенін қалаймыз», – деп өз ойымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, вакцинация мен ревакцинация ғана адам денсаулығын қорғауға, пандемияны тоқтатуға және өмірдің қалыпты күйіне оралуға мүмкіндік береді.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109