1489

Елордалық волонтерлер жалғыз тұратын зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартты

«Астана жастары» КММ волонтерлері жалғыз тұратын зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартты. Елордада мұндай акциялар тұрақты түрде өткізіліп тұрады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қар тазалау акциясына 30-ға жуық волонтер қатысты.

«Біз жалғызбасты ата-әжелердің, зейнеткерлердің ауласын көктемде су басып қалмас үшін қар күреу жұмысына көмектесеміз. Мұндай шаралар үнемі өткізіліп тұрады, сондықтан бұл біз үшін үйреншікті іс», - деді «Астана жастары» ЖРО маманы Дамир Айтымов.

Айта кетейік, қар жинау жұмыстары еріктілердің жұмыс көлеміне байланысты ұйымдастырылады. Көмекке мұқтаж қарттардың кестесі мен тізімдері жасалды. Мұндай акциялар жыл сайын қар жауған кезде өткізіледі.
Елорда тұрғыны, зейнеткер Нұргүл Оспанова еріктілерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

«Осындай жастарды өсіріп, дұрыс тәрбие берген ата-аналарға алғыс айтқым келеді. Амалсыздан көмек сұрадым, өйткені қар жауған күндері аулам қарға толып кетті. Өтініш беріп едім, көп ұзамай жастар көмектесуге келді. Жастарымыз бақытты, дендері сау болсын», - деді Астана тұрғыны.

Сонымен қатар, Нұргүл Оспанова қала әкімдігіне Көктал-1, 2 елді мекендерін абаттандырғаны үшін алғыс айтты.

«Көктал-1, 2 елді мекендерінде балалар алаңын, саябақ салғаны үшін әкімдікке алғысымды білдіремін. Сол сияқты балаларымыз автобус күтіп, тоңып қалады деп алаңдайтын едік. Сарыарқа әкімдігі бізге жылы аялдама орнатып берді. Жақында жолымызды да жөндеп берді. Жағдайдың бәрі ақырындап жасалып жатыр», - деді зейнеткер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109