1713

КВИ-ден қалай емделуге болады: COVID-19 белгілері жөнінде дәрігер кеңесі

Елордада «Омикрон» штамының пайда болуына байланысты амбулаториялық деңгейде ем алатын науқастар саны артты. Осылайша, емханаларға, мобильді бригадаларға коронавирус жөнінде қоңырау шалу, сүзгі кабинеттеріне бару және т.б. мәселелер бойынша өтініштер саны өсті.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарына COVID-19 белгілері пайда болған кезде қалай емделуге болатыны туралы бірнеше ұсыныс берді.

«Жалпы салқын тию сияқты өтетін ЖРВИ немесе коронавирустың белгілері үшін көп мөлшерде су ішу өте маңызды. Сол сияқты лимон мен бал қосылған қарапайым шай, сорпа емделуге көмектеседі. Сондай-ақ бөлмеңізді күніне кемінде 3 рет 2-3 минутқа желдетпесеңіз емделу қиын. Ерітінділермен ауыз шаюды да ұсынамыз, спрейлер де көмектеседі. Сондай-ақ, арнайы соратын таблеткаларды қолдануға болады, бірақ оның бәрін нұсқауларға сәйкес қатаң қолдану керек», - дейді мамандар.

Елорданың қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұсыныстарына сәйкес дәрі-дәрмектерді қабылдау дәрігердің нұсқауы бойынша да қолданылуы керек.

«Осындай симптомдармен Ибупрофенді 5 күн бойы тамақтанғаннан кейін үш рет 200-400 мг қолдануға болады. Егер сізде дене қызуы 38 градустан жоғары болса, онда 0,5 г парацетамол таблеткасы көмектеседі. Бірақ күніне 3 таблеткадан артық қолдануға болмайды», - деді дәрігерлер.

Ведомство атап өткендей, дене қызуы 38 градустан жоғары, үш тәуліктен астам ауыр жөтел, тыныс алудың қиындауы болған кезде шұғыл медициналық көмекке жүгіну керек.

Бүгінде қала бойынша КВИ-мен ауыратын науқастар саны 47 мыңнан асады. Оның ішінде балалар – 3 мыңнан астам, жүкті әйелдер – 1000-ға жуық.

Қорытындылай келе, мамандар аурудың ауыр ағымын болдырмау үшін КВИ-ге қарсы вакцина алу керек және иммунитетті инфекцияның ерте сатысында қорғау керек екенін атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109