IKOMEK қызметкерлері КВИ-ге қарсы ревакцинациядан өтті
IKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациядан белсенді өтті, өз кезегінде олар азаматтарды вакцинациядан өтуге шақырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
iKOMEK109 карантин кезеңінде 2020 жылы елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, коронавирус және төтенше жағдай режимі мәселелері бойынша бірыңғай жедел желі қызметін атқарды. Орталықтың басты міндеттерінің бірі – елорда тұрғындарымен және қонақтарымен үздіксіз байланыс орнату.
«Эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр, сондықтан iKOMEK қызметкерлері үшін өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын қорғау ғана емес, сонымен қатар iKOMEK қалалық орталығының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін де ревакцинациядан уақытылы өту маңызды», - деп атап өтті iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.
Қазір iKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығына түсетін сұрақтардың үштігіне денсаулық сақтау мәселелері кіреді. Жыл басынан бері орталық 165 мың өтініш қабылдады, оның 2 мыңнан астамы – вакцинация және ревакцинация мәселелері бойынша, 1,6 мыңы – коронавирус белгілері бойынша консультациялар.
Естеріңізге сала кетейік, iKOMEK109 Бірыңғай байланыс орталығына 109 қысқа нөмірі арқылы (қалалық және ұялы телефондар үшін тегін), сондай-ақ баламалы құралдар арқылы жүгінуге болады:
- әкімдіктің ресми сайты astana.gov.kz;
- iKOMEK109 (PlayMarket/AppStore)мобильді қосымшасы;
- Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);
- Smart Astana (PlayMarket/AppStore)мобильді қосымшасы;
- электрондық пошта 109@ikomekastana.kz.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz