2630

Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға аттанатын елордалық спортшылар өз ойымен бөлісті

Төрт жылдықтың тартысты додасына санаулы күндер қалды. Еліміздің 32 атлеті спорттың 8 түрінен 82 жолдама жеңіп алды. Оның үшеуі елордалық спортшыларға тиесілі. Шорт тректен Абзал Әжіғалиев, Яна Хан, ал конькимен жүгіруден Дмитрий Морозов лицензия иегері болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бапкердің мәлімдеуінше жолдама иегерлері қатаң сақтық шарасымен жаттығуын жалғастыруда.

Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев бұған дейін бірнеше мәрте Олимпиада ойындарына қатысқан тәжірибелі атлет. Әлем чемпионаттары мен Әлем Кубогының жеңімпазы. Мемлекет басышысы әлемдік дода алдында спортшыларды қабылдаған сәтінде Абзалға Мемлекеттік туды табыстап, ел мерейін үстем етеді деп сенім білдірді.

Шорт тректен Қазақстан рекордын жаңартқан Яна Ханға да артылар сенім мол. Жас спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасы қарсаңындағы ерекше сезімдерімен бөлісті.

«Олимпиадаға баратын бес спортшының қатарына енгеніме әлі күнге дейін сене алмай отырмын. Ең соңына дейін аралас эстафета бойынша Бейжіңде ел намысын қорғайтынымды білмедім. Жекелей сында жолдама алу үшін маған екі саты жетпей тұр еді. Оның үстіне, бұл менің ересектер арасындағы алғашқы әлем кубогым болатын. Сондықтан қатты қобалжыдым. Шынымды айтсам, Олимпиадаға қатысатыныма әлі сенбей тұрмын. Маған бұл қолжетпес арман еді. Сол арманымның орындалғанын қуаныштымын. Дайындық жақсы өтіп жатыр, негізінен, жылдамдыққа жұмыс істеп жатырмыз. Біз эстафетаға, жігіттер жағы жекелей сынға жаттығуда», - деді Яна.

4-20 ақпан аралығында Қытай астанасында өтетін ақ Олимпиадаға 95 елден 4 000-ға жуық спортшы барады деп жоспарланып отыр.

«Біз үлкен жұмыс атқардық. Жоспар бойынша 10 лицензия алуды көздегенбіз. Бірақ бір жолдама кем түсті. Екі лицензияны Ольга Тихонова жеңіп алды. Одан бөлек, екі ер адам, екі әйел адам сынға түсетін қосымша эстафета бар. Аталған эстафетада біздің команда 12-орын иеленді, сол себепті, біздің қыздар командасына тағы бір жолдама берілді. Бұл бәсекеге Яна Хан дайындалуда. Соңғы әлем кубогында ол 500 метрге жүгіруден өте жақсы нәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартқанын ұмытпау керек», - деді команданың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков.
Азия мен әлем чемпионатының жеңімпазы Дмитрий Морозов XXIV қысқы Олимпадада 1500 м қашықтықта шеберлігін сынға салады. Бұл қашықтықта Дмитрий сәтті өнер көрсетіп жүр.

Көршілес елде өтетін додада спорттың 15 түрі бойынша 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ұлттық құрама 27 қаңтар күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы арқылы аттанады деп жоспарлануда.

«Ерлер арасындағы бәсекеде Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша бақ сынайды. 500 метрге жарысудан үшеуі де сынға түседі. Абзал – команданың көшбасшысы. Біз дайындықты тоқтатқан емеспіз. Бәрі де карантин шараларын сақтауда. Біздің мақсатымыз – ойынға 100 пайыз індеттен сау спортшыларды апару», - деді команданың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков.

Байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілу әрбір спортшының басты арманы екені сөзсіз. Ендеше, спортшыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109