1999

Елордада «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті елорда аумағында 24-30 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы аталған іс шара аясында Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің жеке құрамы «Жаннұр» сауда үйінде әлеуметтік бюро өткізді. Ондағы мақсат халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық қылмыстардың алдын алу және болдырмау болып саналады.

«24-30 қаңтар аралығында елорда аумағында «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған кез келген адам 102 нөміріне хабарласуына болады. Сол сияқты осындай жағдайдың куәгері болсаңыз аудандық полиция басқармаларында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау топтарының сенім телефондарына хабарласа аласыздар. Сіздің қоңырауыңыз басқа бір адамның өмірі мен денсаулығына араша түсуі әбден мүмкін», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД ӘЗЗҚ тобының аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.

Сауда үйіне келушілер тек сауда жасап ғана емес, сонымен қатар құқықтық көмек алып, тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда әрекет етудің алгоритмімен де танысты.

Келушілерге брошюралар мен буклеттер таратылды. Тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға өкілетті орган мамандары жауап берді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109