1924

Елордада қаңтар айының басынан бері КВИ-дің 72 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Осы жылдың басынан бері елордада коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай аса ауыр күйде қалып отыр. Жағдай тұрақталғанына қарамастан жаңа науқастарды тіркеу де жоғары деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың мәліметінше, елордада тәулігіне 2852 адамнан коронавирус ауруы анықталып жатыр. Қаңтар айының алғашқы күнінен 27-не дейін 72 017 жағдай тіркелді, бұл Қазақстан Республикасы бойынша жалпы тіркелген жағдайлардың 44,6%-ын құрайды.

COVID-19 ауруы барлық жағдайда адам денсаулығына, әсіресе вакцинациядан өтпеген адамдарға ұзақ уақыт кері әсер ететінін ескерген жөн.

«Вакцинациядан гөрі ауырғанды жөн деп санайтындар бар. Бұл дұрыс емес. Коронавирус инфекциясы – өте қауіпті ауру. Постковид синдромы туралы белгілі, ол үш айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін, кейде ол аурудан соң 2-3 айдан кейін ғана дамиды. Сонымен қатар, КВИ-дің жеңіл түрімен ауыратын науқастардың да иммунитеті қатты зардап шегеді. Омикрон дельтаға қарағанда жеті есе жұқпалы екенін ескерсек, халықтың едәуір үлкен тобында иммунитет нашарлайтынын білу керек», – делінген елорданың санитарлық дәрігерінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, омикрон штамы бір адамнан екінші адамға өте жылдам жұғады.

COVID-19-дан қорғанудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – вакцинация мен ревакцинация. Әлемдік тәжірибе де коронавирустың таралуын болдырмаудың ең сенімді әдісі ұжымдық иммунитетті қалыптастыру, вакцинация және ревакцинация екенін көрсетті және бұл дәлелденді. Иммунизациядан бөлек алдын алу шараларын да сақтау қажет: маска тағу, арақашықтықты сақтау, қолды дезинфекциялау. Мұның бәрі өзіңіз үшін ғана емес айналаңыздағы жандар, туыстарыңыз, таныстарыңыз, әріптестеріңіз үшін де қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109