2896

Барлығына қолжетімді: елордада адамды құтқару дағдыларын қайдан үйренуге болады

Елордалық «103» қызметінің базасында қала тұрғындарын түрлі жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту жүргізіледі. Тек өткен жылы оқу-симуляциялық орталық (ОСО) қаланың 2900 тұрғынына шеберлік сабағын өткізді. Қатысушыларды дәрігерлер келгенге дейін жедел жәрдем көрсету дағдыларына үйретті.

«2019 жылы біз симуляциялық жабдықтармен жабдықталған оқу-симуляциялық орталық құрдық, оның құрамына 10-нан астам манекен-тренажер, 100-ден астам мединструментарий атауы, дербес компьютерлер мен ноутбуктер, мультимедиялық планшеттер және т.б. кіреді. Біз мастер-класстан өткендерді, сондай-ақ үйретіп жүрген қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз және олар өз ісінің шеберлері екенін білеміз», - дейді «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК басшылығы.

ОСО құрамында 10 нұсқаушы бар. Олар – еуропалық ERC реанимация кеңесі мен Америкалық жүрек қауымдастығының ресми халықаралық нұсқаушылары. ОСО басшысының м.а. Шынтас Қасымның айтуынша, олар үшін жедел жәрдем көрсету саласында үнемі біліктілігін арттыру маңызды.

«Біз үшін ең бастысы және негізгісі әлемдік деңгейдегі тәжірибе мен әдіснаманы қолдана отырып, жедел медициналық көмек көрсетуді үнемі жақсарту болып саналады. Біз білім беру және практикалық клиникалық тәжірибені жетілдіреміз. Мекемеміздің есігі осындай дағдыларды үйренгісі келетіндер үшін ашық. Мастер-класс арқылы жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін біреудің өмірін сақтап қала аласыз»,-дейді Шынтас Қасым.

Оқуға ниет білдірушілер өз сұрақтары бойынша +7(7172) 70-11-81 телефон нөмірі арқылы немесе Рысқұлов көшесі 8/1, 3-қабат мекенжайы бойынша сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін хабарласа алады. Жедел жәрдем мамандарының айтуынша қызметкерлерді оқыту кәсіпорын қаражаты есебінен де, күнтізбелік жоспарларға сәйкес бюджеттік қаржыландыру есебінен де жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109