2207

«Омикрон»: елордада коронавирустың басқа штамдары жойылып кетті ме? – елорданың бас дәрігерінің жауабы

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов Tengrinews.kz басылымына берген сұхбатында қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай, КВИ пациенттері және оның жаңа түрі – «Омикрон» қаншалықты қауіпті екендігі туралы айтты.

«Соңғы 5-6 күнде эпидемиологиялық жағдай тұрақталды, ауру азайды. «Омикрон» штамы кезінде ауруханаға жатқызылғандар үлесі айтарлықтай азайғаны қуантады, ал «Дельта» штамы кезінде анықталған жағдайлардың 30%-ын стационарларға жатқыздық. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 15% немесе одан да аз. Реанимациялық көмекті қажет ететін ауыр науқастар да әлдеқайда аз», – деді басқарма басшысы тікелей эфирде.

Елордада ковидтің осыған дейінгі штамдары жойылып кетті ме деген сұраққа Мұратов былай деп жауап берді

«Эпидемиологияда мынадай заң бар: жұрт жиі жұқтыратын ауру өзіне дейінгісін (инфекцияны) ығыстырып тастайды. Мысалы, «Дельта» штамымен ауыратын бір адам 2-2,5 адамды жұқтыруы мүмкін, ал «Омикрон» – 5 адамға дейін. Әрине, ол тез таралады, сол себепті алдыңғы штамның таралатын жері болмай қалады. Сондықтан ол ақырындап ығысады. «Омикрон» штамының салдары аса ауыр емес, дегенмен инфекцияның бұл түрін сондай жеңіл деп санауға болмайды. Біз ары қарай не болатынын білмейміз», – деді Тимур Мұратов.

Вакцинация ғана сіздің денсаулығыңыз бен өзгелердің денсаулығын қорғауға және ауруды әлдеқайда жеңіл түрде өткеруге мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109