2348

Елордада жыл бойы ұйымдастырылатын жәрмеңкеде кәсіпкерлерге орын тегін беріліп жатыр

«Astana» ӘКК» АҚ азық-түлік тауарларының барлық түрлерін сату үшін кәсіпкерлерге тегін сауда орындарын ұсынады. Орындар кәсіпкерлерге, фермерлерге, ауыл шаруашылықтарына алғашқы жыл бойғы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде беріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Наурыз айының соңына дейін жалға алу тегін, содан кейін жеңілдетілген тариф қолданылады деп жоспарланып отыр. Жеңілдікті тарифтен түсетін пайда тек коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалады.

Сауда орындарын алу үшін +7 747 810 3507 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Жәрмеңкенің мекен-жайы: Есіл ауданы, «Пригородный» елді мекені, Арнасай көшесі, 109.

Айта кетейік, 7000 шаршы метрлік жәрмеңкеде 150 кәсіпкер коммерциялық қызмет жүргізе алады. Қазір жәрмеңкеге көрші облыстардың ауыл шаруашылықтары мен жергілікті кәсіпкерлерінің өнімдері қойылады. Мұндағы бағалар нарықпен салыстырғанда 10-20%-ға төмендетілген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109