2698

Елорда әкімі кезекті рет азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының Алтай Көлгінов кезекті рет азаматтарды қабылдады. Қала тұрғындары қандай сауалдармен жүгінгені туралы әкім Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесумен қатар апта сайын азаматтарды қабылдап тұрамыз. Бүгін кезекті рет онлайн форматта 8 отбасын қабылдадым. Қабылдау барысында қойылған сұрақтардың басым бөлігі ерекше қажеттілігі бар адамдарға көмек көрсетуге қатысты болды. Жылдан жылға оңалту орталықтарының желісі кеңейтіліп, мектептерде инклюзия кабинеттерін ашылып жатыр. Сол сияқты жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында оңалту, шағын орталықтарын орналастырып жатырмыз.

Былтыр көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған балабақша аштық (Кенесары көшесі, 9/1, Сарыарқа ауданы). Балабақшада педагогтармен қатар медицина қызметкерлері де балалармен жұмыс істейді. Ерекше қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру үшін инклюзивті «Qanattylar» театры ашылды.

Сондай-ақ, паралимпиадалық жаттығу орталығымен бірлесіп, ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған спорт кешенін саламыз, ал оңалту орталықтары желісін кеңейту бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Азаматтарды қабылдауда көтерілген мәселелерді жоспарымызға енгіземіз», - деп жазды елорда әкімі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://109.astana.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109